This slideshow requires JavaScript.
Егіз тұмарТүн ортасы ауған шақ. Екеуміз. Досым және мен. Автокөліктің іші. Бұл маңда таң бозынан қызыл іңірге дейін қайшалсатын қалың авто көлік түн ортасында сап тиылады. Көше бойндағы оқшау оқшау ғимараттардан тек бірлі жарым ғана электр шамы жылтылдайды.
Алыс ауылдан осы қалаға келіп такси жүргізушісі болып жүргеніме үш жылдан асқан. Былтыр ғана ауылдағы бір досымды жаныма шақыртып алғанмын. Әке-шешесі ерте қайтыс болып кеткен. Бала күнінен әркімнің босағасында жүрген тұғын. Екеуіміз бір жатақта тұрамыз. Сол бар жиған терген ақшасын мен бірге бір парша хат жазып қалдырғанда менің көлігімді алып тайып тұрған.
Аяқ астынан бүгін пайда болып отыр. Атысарымызды да, шабысарымызды да шеше алмай отырмыз. Read the rest of this entry »