Қалада ең атақты суретшінің басын кесіп кетті. Есік терезесі тас жабылған. Сыртқа шыққан із жоқ. Тек жалғыз із шарайнаның бетінде қанмен жазылған жазу.
Archive for Мамыр, 2010
Ол өлген соң да ауылда көп жүрді. Иә, өзін жерлегендер қайтқанда солармен бірге қайтып келген-ді. Бірақ оны ешкім де көрмеді. Үйіне келсе ешкім жоқ. Ол жалғыз басты еді.
Ол осында келген сайын қабырғаға тақау тұрған дәу сағатты айналсоқтайтын. – Оған ешқашан жақындаушы болма!.. – деп, мұражайды күзететін шал бажылдайтын.
Ол өзінің қып-қызыл жалынға соншалықты неге құштар екендігін біле алмай-ақ қойды. Тек ен далада лаулап жатқан от болса деп тілейтін. Бірде түн ортасы ауа көрші ауылдан келе жатып, өз ауылына қарай асатын кеңмойнақтың үстінен лапылдап жанып жатқан отты көрді.
Картасын қайта-қайта сапырып, шилап отырған балшы карталарды үш-үштен қатарлап жазып жіберіп шошып кетті. Бал оған тура қарсы алдында біредің тұрғанын айтады. Ал, алдында карта жазған шәкене үстелден басқа дәнеңе жоқ.
Ол әуел бастан-ақ өз өміріне ырза емес-ті. Ес білгелі бар өмірі жоқшылықпен өткен, ит қорлықпен өтті. Тура қырық тоғыз мүшелінде өз-өзіне қол салды. Артына қайырылып қарар ештемесі жоқ-ты, туыс-туған, бала-шаға дегендей.
Жат құшақ – Білесің бе, мен ерте ме кеш пе сенімен жолығам? – Ешқашанда, себебі мен тек қана елеспін. Ал, сен адамсың ғой. – Қалайда кезігем!.. – Үміттенбе!..