ТҰМАР Түн ортасы. Қатты ұйықтап жатқан жігітті сырттағы шуыл оятып жіберді. Жастықтан басын көтерген ол сырттағы дыбысқа құлағын тосты. – Әпке, ол менікі таласпа! – Жоқ, сен әлі кішкентайсың, менікі ол…
Archive for Ақпан 3, 2011
ОҚ Бақидың қақпасына ертіп барар біреу келер деп тар жанақымда күтіп жатқалы қашан. Айлар өтті. Жыл өтті. Шынымен жалғыз Жаратушыға да керегі болмағаны ма? Өзінің жаназасын шығарып болып “Қандай адам еді?” деген мәзімге жыйылған жұрттың бәрі: “Жақсы адам…” деп жауап қайтарды.
МӘҢГІЛІК САУҒА Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін… – Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың. Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз балам бар болатын. Одан басқа балам жоқ-тұғын. Сен қатты жыладың. Маған қатты кектендің. [...]
ЖОЛАЙРЫҚ Әкесінен қалған шошақ ер-тоқымды атқа асығыс салған жігіт шылбырын жиғанға үлгірмей көрші ауылға шаба жөнелді. Дәрігер алып келмек. Келіншегі қансырып хал үстінде жатыр. Арлы-берлі алып жүргенге шашырап кеткен сүйектер ыңғай берер емес. Өзенді бойлап барып айналып жететін жаттық жолды тастап, тіке төбе басындағы зираттан өтетін сүрдекпен тартты. Қамшы үстіне қамшы басып шапқылап келеді. Зираттың [...]
АЛАС Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз.
АЛА ЖІП Олар егіз болатын. Бір кіндікті болып туылды. Кішкентай кездерінен бірі жыласа, екіншісі қоса жылайтын-ды. Бірі күлсе, екіншісі бірге шаттанатын. Екеуі бір университетке түсті, бір топта оқитын да, бір бөлмеде жататын. Көзіне ұйқы тығылып күнделікті сабаққа дайындалып отырған біреуіне сырттан кірген сыңары:
ҚАШҚЫН – Сол аяғыңды берсең ат басындай алтын берем. – деп сол жақ аяғынан бір құбыжық бас салғанда өзінің айқайынан шошып оянып кетті. Сол аяғы өз еркінен тыс тепкіленіп жатыр екен, әзер дегенде тоқтатты. Орнынан тұрып жүрейін десе сол аяғы кері қашады. Қорқа бастады.
АУШЫ – Кім білсін, дегенмен үлкендердің айтуынша бұл араға жарты ғасырдан бері ешкім ат ізін салмаған көрінеді. – Рас та шығар, тусып тұр екен ғой. Осыншама тамаша жерді неге ел мекендемеген сонда? – Аңыз ба, ақиқат па, оны тек бір жаратушы білер. Ел аузында осыдан жарты ғасырдың алдында бұл ара лықсыған мал мен жанға толы [...]
Аманат Ол шешесі қайтыс болғалы зират басына үшінші күн қатарынан келіп тұр. Басқа басар жер, барар тауы қалмаған іспетті. Бұл өмірде оған шешесінен өзге еш жақын жаны жоқ-тұғын. Таң бозынан келіп отырған ол түске қарай зират басына келе жатқан қалың қауымды көріп, тағы кім мен құсап сорлап қалды екен деп ойлады.