Archive for Наурыз, 2011

– Жібер мені! Жібер!.. Ол өзінің ащы даусынан шошып оянып кетті. Түннің қай уағы екенін аңғара алмады. Жап-жарық күміс айнадай жарқыраған аппақ айдың ақшулан сәулесі машинаның алдыңғы терезесінен тура бетіне түсіп тұр екен. Манағы төпелеген қатты жаңбырдың басылғанына қуанды. Кеше ғана орақтай болып жұқарып кеткен ай қалайша бүгін толып кеткен деп ойлады да қойды.