ЕГІЗ ТҰМАР

Posted: Қазан 17, 2011 in Мистикалық шығармалар

This slideshow requires JavaScript.

Егіз тұмар

Түн ортасы ауған шақ. Екеуміз. Досым және мен. Автокөліктің іші. Бұл маңда таң бозынан қызыл іңірге дейін қайшалсатын қалың авто көлік түн ортасында сап тиылады. Көше бойндағы оқшау оқшау ғимараттардан тек бірлі жарым ғана электр шамы жылтылдайды.
Алыс ауылдан осы қалаға келіп такси жүргізушісі болып жүргеніме үш жылдан асқан. Былтыр ғана ауылдағы бір досымды жаныма шақыртып алғанмын. Әке-шешесі ерте қайтыс болып кеткен. Бала күнінен әркімнің босағасында жүрген тұғын. Екеуіміз бір жатақта тұрамыз. Сол бар жиған терген ақшасын мен бірге бір парша хат жазып қалдырғанда менің көлігімді алып тайып тұрған.
Аяқ астынан бүгін пайда болып отыр. Атысарымызды да, шабысарымызды да шеше алмай отырмыз.
Қара кештен бері үнсіз меның көлігімнің алдынғы орындығында сәл-пәл шалқалаған қалпы отыр. Қырық күн бойына шеше алмаған жұмбағымның үстіне тағы баттастыра жамау салып әңкі-тәңкі күйде мен отырмын.
– Кешір бүгін ескіше он төрті айдың толған күні сені мұнда әкелмеуім керек еді… – ұзақтан бергі үнсіздікті досым бұзді. Мен жауап қайтармадым… шынын айтсам оның ешбір сөзіне сеніп те отырғаным жоқ. – өкпелісің маған, оған жетерлік себеп те бар… десе де жан жосымсың ғой сенің алыңда өтірікші болмайын деп әкеліп отырмын мұнда. Менің айтқандарымның шын екендігіне көзіңді жеткізесіңде еш қайда бұрылмай тұзу қайтасың!..
– Жетер!.. осы өтіріктерің де… кім сенеді… одан да басқалай бір жал таппадың ба?.. мен шарқ ете қалдым. Шамасы оның шамынада қатты тисе керек. Басын оқыс жұлып алып жағамнан жұлқи өзіне қарай тартты да:
– Тыңда сайтанның сапалағы мен басынан бастап айтып беремін… оған дейын Нұрым-қызда шығар сосын кетемын… мен дір-дір еткен әлсіз саусақтарын жайлап қана бірі-бірлеп шығардым да өз орындығыма шалқаладым. Ол басын көтерген қалпы сөйлеп отыр.
***
Мен ауылдан келгенде тек сені пана тұтып келгенмін. Бұл қалада сенен өзге танысым да, жақын жанашырым да жоқ-тын. Қалада жүргінші тасудың, бүткіл қаланың ойлы-шүңқыр, қым-қуыт қуыс көшелеріне дейын өзіңнен үйрендім. Мен қаламен толық танысқан соң өзің күндізгі кезекке шықтың да мені кеште таксишілік етуге шығардың. Әубаста табысымызда жаман болған жоқ-ты. Бір көлікке мінгеспей және бір көлік алып екі жақтап ақша табу ғана оймызда болған. Мен одан еш уақытта айнып көргем жоқ, сенде…
Әңгіменің барлығы сол кештен басталды.
Тура осы көшенің бойымен түнгі он екілер шамасында кезекті жүргіншімді іздеп зырлап келе жатқанмын тура осы маңда анау бір түп қара талдың түбінде біреу тұр екен. Жанына келіп тоқтай қалдым… өрімдей жас қыз… жылап тұр. Күздің қара суығанан қатты жаураса керек… дір-дір етеді… үстіне жүқа ғана ақшағи көйлек киынген… жарайды қойшы… оның көйлегін айтып не қаламын… менің өз міндетім бар… кезіккен жүргіншімді діттеген жеріне жеткізып кіре ақымды алуым керек.
– Қайда барасың қарындас?! – дедім. Ол еш жауап қатпастан көлігіме отырды да қолыма тілдей қағаз ұстатты… сол кезде барып ол қызды мылқау шығар деп ойладым. Қағазда қаланың терістік бетіндегі шағын ауылдың адресы жазылған, көшенің де, үйдің де адресы анық. Мен солай қарай бет алдым. Анда-санда айнадан артқы орындықта отырған қызға еріксіз көз жүгіртемін… тіптен менің қиалым жетпестей сұлулық… шіркін тілі болса ғой әңгімеге тартар едім деп армандадым. Ақыры барар жеріне де жеттік. Тар көшенің ең соңғы үйі болар шамасы. Ары жол жоқ. Тұйыққа келіп тірелгенде шамасы алпыстарды алқымдап қалға кемпір шығып тап бір менімен келісіп алғандай ашық тұрған терезеден алақаныма бір уыс темір теңгені салдыда арт жақта отырған қызды жетелеп кете барды… мен орнымда есім ауа жаздап мелшидімде қалдым. Мана байқамаған болармын қыздың аппақ көйлегінің етегі қып-қызыл қан жерге тамшылап барады. Мен жалма-жан артқы орындыққа қыз отырған жерге жарық салып қарадым. Дым жоқ. Тап-таза. Бірақ мұрныма қанның қаңсық иісі келгендей болды. Қайтадан кетіп бара жатқандарға қарадым. Екеуінің де еңкілдеп жылап бара жатқаны иықтарынан-ақ сезіліп барады. Сол жерде таң ағарғанға дейін отырдым. Неге екенін қайдам… әлде бір тылсым күш кері кетуіме ырық берер емес. Жерге жарық түсе амалсыз саған қарай жол тарттым.
Екеуіміздің ең алғашқы ренжіскеніміз сол күні болды. Машинаның ішін қанның күлімсі иісі кеулеп кетіпті… сен басқаша ойладың… менің оны басқаша түсіндіруге шамам болмады… тек қана ақталумен ғана болдым. Аузыңа түскен ең жаман боқтықтарыңды төгіп сен кеттің. Сол күні алғаш рет қорындым. Бәрін тастап ауылға қайтып кеткім келген. Кетіп қалайын-ақ деп бекінсемде бір күш осы қалаға бекемдеп ұстап қалған тәрізді. Кете алмадым. Ақыры кешке дейін сені тағатсыздана күттім. Өлдім-талдым дегенде сен жеттің. Маған ләм-мим деместен көліктің кілтін ұстаттыңда үйге кіріп кеттің. Сол күні алғаш рет еш табыссыз қаланы арлы-берлі кездім де жүрдім. Ешбір жүргіншіге тоқтауға зауқым соғар емес. Осы көшемен қанша рет өткенімді білмеймін. Түн ауда-ау деген бір мезгілде барып анау қара ағаштың түбінен кешегі қызды көргенде барып ойпыл-тойпыл болып алас ұрған көңілім сәл тыншығандай болдау-бір. Жанына келіп шорт тоқтадым. Тура кешегім қайталанып жатқандай… Қыз отыра бере көліктің ішіндегі шырақты жақтым. Жүрегім зырқ ете қалды. Аппақ көйлегінің етегі шып-шып еткен қызыл қан. Ол үнсіз мүсеурей қарайды. Дереу шырықты өшіре қойдым да, атша тулаған жүрегімнің алқынысын басып қайта шырақ жақтым. Тағы сол. Кеше қалай сезбей қалғанмын қанның қаңсыған күлімсі иісі қолқаны қабады екен. Қорқа бастадым. Қызды қалдырып кетейын деп бір ойладым да ол ойымнан тез айныдым. Қыздың айдай жамалы бар нарсені басып барады. Әнтек тым мұңлы… Бұл жолы көлікті барынша баяу жүргізіп келемын. Айнадан көз ала алар емеспын. Қызда сәл-пәл миығынан жымиғандай болады… әлде менің көзіме солай көрінген. Қойшы әйтеуір ақыры жеттік ау жетер жерімізге… көлікті көре сала кешегі кемпір орнында тыпыршып тұр. Қара түнді қақ жарған көліктің күшті жарығынан кемпірдің жүзі анық көрініп келеді. Өртке түскендей түтеп кеткен. Мен жетіп енді тоқтай бергенде, есікті жұлып алардай жұлқи тартып аштыда:
– Жүгірмек! Менің құлыныма зәредей зәбір тигізер болсаң менен еш жақсылық көрмейсің ал мына тиыныңда… екінші жуыма!.. – кемпір менің еш уәжімді тыңдамастан қызын ертіп кете барды. Мен асығыс жиналып кері қайттымда жол бойынан көлікті абден тазартып өзіңе әкеліп бердім.
– Ол екеуіміз үшінші күні тілдестік… сол күні оның мылқау емес екенін білдім. Сол күні оның бұл жалғанның жаратылысы еместыгін… арғы әлемге кетіп қалғандығын сездім. Кеш кіре осы жерге келіп тапжылмай отырғанмын. Күндегі уақытында қызда пайда бола кетты. Жанына келіп көліктің есігін ашып едім ол басын шайқады… мен қолтығынан демеп кіргізіп жібермекке ұмсынып едім.
– Кешіріңіз мен сізбен бара алмаймын… қыздың майда үні құлағыма әлде бір ып-ыстық жалындай сезілді.
– Қалқам сен мылқау емессың ба? Деп сұраппын бірден. Қыз күрсінді. Мен қоярда қоймай қызды көлікке мінгіздім де жолға шықтым.
– Атың кім?
– Білмеймын.
– Қалайша?
– Рас айтамын… менің есімде еш нәрсе жоқ тек әжемді ғана танимын… сосын сыңарымды.
– Қалай…
– Біз егіз қызбыз…
–…
– Қайдан шықтың?
– Білмеймын…
– …
– …
Жол бойы қыздан мардымды жауап ала алмадым. Бұл жолы кешегідей емес жылдап жүрдім. Не сыры болсада қыздың әжесінен білейін деп шештім.
Кемпір уағдаласқандай сол орнында тұр екен. Кешіктірмегесін ба бұл жолы еш нәрсе айтпастан ақшасын ұмсына бергенде:
– Апатай! Ақшаңыздың керегі жоқ… Тек бір нәрсе білгім келеді… – деп едім. Кемпір:
– Тайт ары!.. Нені былгың келеді?!. Көрінбе көзіме мен сені сен мені көрген жоқсың!.. Ал мына ақшақды құры көзімнен!.. –деп буырқана жөнелді де, қызын қолынан дедектете жетелеп ала жөнелді. Бұл күніде еш нарсенің байыбына жете алмай қайттым. Енді оның сырын ашудың басқа жолын қарастыруыма тура келді.
Есіңде болса сенен сол күні таңертең осы қаладағы балшы-көріпкелдер туралы сұрағанмын. Сенің айтқаның бойынша ең атақты деген балшы соқыр кемпырді іздеп бардым.
Картасын дар-дар еткізып қотарыстыра шилап отырған кемпір менің келерімді әуелден-ақ біліп алған тәрізді. Өздігінен сөйлей жөнелді.
“Оу! Бейбақ! Келдің ба… Сені қанша күттік… Бұл жалғандада осындай тағдыры талайсыз талайлар бар… Талайлар бар… Бның бақытына бақыт деймын-ау тәйірі… Ондай бақыт әдірам қалсын… сен жолығыпсың… қап!.. қап! Сенің де бір қарығың ашылмаған солрлысың ғой… кете алмайсың енді кете алмайсың… иә… иә… бейшара бала… оның жайын біле алмай қиналып жүр екенсің ғой… мен атын айтып беремын… атын айтып берсең анау қарығы ашылмаған сорлы әжесі бар болмысты өзі айтып береді… ол кемпір менің бірге туған сіңілім… ал қызының аты Айым… оның сыңары бар оның аты Нұрым… бала байқа олармен бірге кетіп қалып қайта алмай қалма… артыңда жоқшың болмаса қайтар есік жабылып қалады… сен табалдырықта тұр екенсің… кері қайтуғада амалың жоқ… аттайсың енді… қаншалық талайың барын қайдам…. оны тек артыңнан жоқтайтын жоқшың ғана шешеді… тағдырыңды… жоқшың көп болса тез ораласың… ал болмаса мәңгіге ол қапаста сенде қаласың…” балшының бар сөзіне ешқандайда бір шак келтыргенім жоқ. Қайталапта ешнарсе сұрамадым. Кері қайттым.
Бар жиған тергенімді сенің жастығыңның астына қалдырдымда қысқа ғана “Жаңадан бір көлік алуға мына ақшалар жетер… мен бір алыс сапарға кеттім… мені ұмытпа әр кез жоқтап отырсаң бір күні ораламын сонда барлығын айтып беремін… кешір мені жан досым… бәрін білгенің де мені кешіретін боласың” деген бір парша хат қалдырдымда, кеште сенен кілтті ала сала осында келдім. Тура сол күндегіндей уағында Айымды алып асыға үйіне қарай зауладым… көңілім алай-дүлей астаң-кестең. Қыз секем алмасын деп тіл қатыспадым. Бірде барін тастап кері кетіп қалғым келсе бірде неде болса соңына дейін көргім келеді… бар уайымым мені сенен өзге жоқтар жоқшының жоқтығы…
Межелі жерге жете көлікті тоқтатып өзім жерге түстім… менің әрекетіме кемпір таңданып қалған тәрізді. Сәл түйткілсіп барып қолыма ақшаны ұстата бергенде: – Апатай Айым туралы білгім келеді айтыңызшы деп қолынан ұстап тізерлеп отыра кеттім.
– Жарығым-ай! Қарғам-ай осы күнді асыға қанша күттім… мен күткен жан сен екесің ғой… жарығым… – деп кемпір мені бас салып гөйгөйлеп жылай бастады. Көліктен Айым түсіп: – Әже жүрші кетейік – демегенде сол орында таң атқанша отыра берер ме ек. Айым екеуімізді екі жағына алып, жетелеп кемпір бітеу қуысқа қарай жүріп келеді. Көлік сол орнында қалды. Тұйыққа тірелген соң оң жақтағы үстін шырма-шатуғып шырмауық басқан бір адам әзер сыйатын есіктен әзер ішке кірдік. Үй деймын-ау… әйтеу қадым заманнан қалған құжыраға кірдік. Іште аспалы қол шам тұр екен. Айым есіктен кіре сала төр жаққа барды да үстіндегі бар лыпасын сыпырып тастап қабырғаға ілінулі тұрған жасыл көйлекті киді.. қыздың жалаңаш тәніне қараудан қаншалықты именсем де көзімді тайдыра алмай қойдым. Кемпір мұнымды сездіме әлде сезбеске салынды ма еш рай байқатппады… тек сыртқа құлағын түрумен болды. Айым көйлекті киіп белін буынып бола сала үйдың біз отырған бір жақ бөлігі жарқырап шыға келді. Әубаста қотыр қожалақ там сықылды еді енді лезімде жарқыраған сарайға айналып сала берді… тек қалған жартысы ғана бәз-баяғысынша сүркей тартып тұр.
Ғайыптан пайда болды ма, әлде, соның арасынша кемпір даярлап үлгерді ма, үстелді майыстырған дастархан дайын тұр.
Кемпір мені дастархан басына отырғызып шай құя отырып әлсін-әлі шылауышының ұшымен көзін сүртіп қойып іңгімеге кірісті.
Сөзді арыдан бастайын. Біз бұл қаланың байырғы тұрғынымыз. Осы қалының тұғыры қаланбай тұрғанда біздің ата-бабаларымыз осында жасаған екен. Атамыздан жалғасқан дәу перілі бақсылық жынымыз бар тұғын. Өз әкем жердің астындағыны да, үстіндегініде толық біліп отыратын көріпкел болған. Біз үш ағайынды едік. Екі қыз бір ұл. Ұлкен екі қыз егізбіз. Сыңарымды менен сүт пысырым үлкен дейтін… Бастан бақ тайса бір күнде екен… Бір кеште әкеміз босағаға жете бере гүрс етіп отыра кетіп “Әкетті… әкетті… жалғызым-ай… жарығым-ай… кетіп бара жатқанын қарашы… әй енді сендердің сорларың-ау… қайтейын енді қайтейін…” дейді зар еңіреп. Ініміз сыртта жүрген. Апалы-сіңлі екеуміз әкемізді қаумалап не болғанын сұрап жатырмыз. Қолына ініміздің мойнынан тастамай тағып жүретін тұмарын ұстап алыпты. Еш уақытта оны мойнынан алдырмайтын еді. Бұл атадан жалғасқан қағидат дейтін. Әкеміздің қолындағы тұмар енді лапылдап жана бастады. Бар нәрсені көріп біліп отыратын әкеміздің мына дәрменсіздігене біз еш жіп таға алмадық… қорқыныштың бір қалың тұманы басты да қалды… сырттан баж ете қалған дауыс шықты. Әпекем екеуміз далаға атып шықтық… қап-қара түтек болған шөкімдеп бұлт інімізді жұлқылап аспанға қарай алып бара жатыр екен. Құлында-құлын даусымыз шығып үйге, әкемізге жүгірдік. Кірсек әкеміз жерде құлап жатыр аузынан қара жалын қан атқақтап. Зар еңіреп басын сүйедік. Аузын сумен шайып жан-таласып жатырмыз. Бір заманда барып есін шала жиған әкеміз… “Меніңде дәуренім біткен екен… жарықтарым… анау менің төсегімнің басындағы қобдиды ашсаңдар… Сонда егіз тас тұмар жатыр… екеуің екеуін алып тағып алыңдар… ол қасиетты тұмар. Мойндарыңнан тастамаңдар… иесымен бірге өсіп отырады. Өмірге бір ұрпақ келгенде жана бір тұмар пайда болады… Аталық тұмарды еш уақытта денеден ажыратпау шарт… Ол ажыраған күні жындардың жендеті тұмар иесін алып кетеді… ал аналық тұмар таннен сырт сақталатын… Аталық тұмардан айырылдық… енді жылдам екеуің екеуін тағып алыңдар… әрі ұрпақтарыңның мойнынан тұмарды ажыратпаңдар… тез жылдам тұмарды тағыңдар!.. сонда ғана кесапаттан аман қаласыдар… тез!.. тез!.. –үздіге бұйырды. Екеуміз қатар қобдиды ашып тұмарды мойнымызға салғанымыз сол-ақ. Әкеміз лап ете түскен бір жалынға айналдыда жоқ болып кетті. Тұмардың қасиеті бізге өтіп бар дүние көз алдымызға самсып келе қалды… тіпті жазымштың солай екендігінде ұғындық. Артық жылап сықтамадық та.
Айлар арқанын үзіп, жылдар жүгін жылжытып жатты. Осында зәулім қала орнады. Екеуіміз де даңсалы балшы болдық.
Оның да өзіне тән машақаты бар. Адамдардың арасында адам ғұмырын кеше отырып адамға тән бақыттан уаз кешу оңай шаруа емес. Мен жалыға бастадым ақыры бәрін тастап өзіме ұнаған бір еркектің етегінен ұстадымда кеттім. Әпекем менің бұл ісімді құп көрмей бөлек кетті. Баба жолын жалғастырам деп. Некелі болған түні тұмар көріпкелдік қасиетін жояды. Тек қорғаныш қана бола алады. Арада біраз уақыт өткен соң балалы болдық… босанғаным да сүт пісірімдей уақыт есімді жоғалтып алыппын. Есімді жиғанымда алақанымда тура өз мойнымдағыдай бірақ кіп кішкентай тұмар жатыр екен. Қыз босанғанымды бірден сездім. Дереу қызл-шақа болып жатқан сәбиімнің мойнына тақтым. Сонда барып білдім, еркек тұмарды қайтарып алып кеткен соң біздің кіндікке ұл баланы жазбаған екен… Қызым бой жете күйеуім ақ ажалымен о дүниеге аттанды. Ел қатарлы өсті, өркендеді… сосын көршіміздің ұлына жат жұрттық болды. Арада жыл өтіп қызым босанды. Тағдырың жазымышы сол екен қызым туыттан қайтыс болды. тек артында егіз екі қызы қалды. Жылай-жылай жүріп сол екеуін өзім алып бағып қақтым. Өсірдім. Елмен бірге оқуға жібердім. Екеуі бірге қаладағы ең үлкен жоғары оқу орнына түсті екінші жылдығында оқып жатқан кез екеуі. Кешқұрым қаншама жылдар бойы хабарсыз кеткен әпекем келіп тұр алқын-жұлқын:
– Көзіңді шел басқан албасты… ана қыздарыңның тұмарына неге қарамайсың… екеуде үйге қалдырып кетіпті… жүр… жүр… айырылып қалмай тұрғанда тез жетелік деп мені сыртқа қарай сүйрелей жөнелді. Біз есіктен шыға аспаннан баяғыда інімізді алып кеткен қара бұлт үйдың алдына шөктіде қалды. Мені жұлқылап жоғары алып бара жатыр әпекем бар дуаларын оқып арып таласып жүріп мені әзер алып қалды. Жерге құлап түсіп бойымда қоғалар дәрмен жоқ жер сызып жатырмын. Бір мезетте бұлт айықты. Әпекем қол аяғымды уқалап отыр. Басымды көтеріп бетіне қарап баж ете қалдым. Әпекемнің екі көзі бірдей ағып кетіпті. Үңірейген көздің ұяшығынан қан саулап тұр.
– Құлындарым-ай… қорланып кеттіңдер ғой… қарғаларым-ай… тым құрғанда сүйекетеріңе жете алмай қор болатын болдық қой құлындарым деп еңіріп отыр. Жан шақырып сыртқа қарай сүйретіп бара жатырмын… құлыншақтарымды таба қоймақпын ғой. Мен пақыр.
– Сорлы бейбақ-ау… сен қырық қадамнан ары бара алмайсың ғой… саған көрінбегенінмен мен сезіп отырмын кесапаттың қамыт шынжырана маталып қалғансың ғой… ары жібермейді… мен де кеттім… менен де қайыр жоқ… қашан екенін қайдам бір күні біреу келер. Мені кесапат олардың сүйегінің маңына жолатпайды… қыздарыңды көшеді әулекілер зорлап сосын өлтіріп тастап кетті… Енді тек солардың сүйегін қоыңа тигізе алсаң… Тек соған ғана жол сілтей аламын… содан соң мен де қайтамын арғы мекенге Бақұл бол!.. –деп зар еңіреп қайтып кетті. Содан бері күн шыға тасқа айналып тек кеште ғана адам кейпіне келемін… араға апта салып түн ортасында Айым жетті үйге. Айым деймын-ау… тәнін қалдырып құр сұлбасы ғана. Көшедегі бір такси әкеліп тастады… бір рет әкелген адам қайтып оралып көрген емес. Сонын артынан таң бозында Нұрым келді… олда сол құр сұлба… екеуіде не болғанын айтып бере алмайды… екеуінде әбден қорлаған… сосын өлтіріп тастап кеткен… жандарында құжаттарыда болмаған иесез қалған… саған кезіккен жреде осы қаланың мәйітханасы жатыр денелері сонда… кемпір әңгімесін аяқтар-аяқтамаста қақпаны әлде біреу дүрсілдете соққылады.
– Нұрым-ай… айнам-ай… кемпір еңірей жылап сыртқа шыға жөнелді. Айым үйдің босағасында бүк түсіп еңіреп жылап жатыр. Сәлден соң есік ашылып үсті басы сауыс қан болға тура Айымнан аумайтын қызды кемпір сүйеп үйге кіргізді. Ол жарық жаққа келе алмайды екен. Бір жері жараққа шалынса қиналып шыңғырады… тек бөлменің сүркей тартқан көлеңке жағына барып қинала ыңырсып жылап жатты. Манадан байқамаған екенмін… менде ағыл-тегіл еңіреп жылап отырмын.
Енді тым құрғанда қыздардың сүйегін жеткізіп берейін дегенді ойладым. Апатай сабыр етіңізші… мен тым құрғанда қыздарыңыздың сүйегін жеткізіп беремін дедім…
– Разамын саған балам рзамын… тек сенің ғана қолыңнан келеді… Айымымның сүйегін әкеліп бере аласың…
– Нұрымды да әкелемін апатай…
– Жоқ балам ол сенің қолыңнан келмейді… тек біреуін ғана әкеле аласың одан ары жол жоқ… құлыным… кемпір тіпті еңіреп жылап кетті. Мен асығыс орнымнан тұрып сыртқа шықтым. Таң ала кеуімдеп қалған екен салып ұрып мәйітханаға келдім. Елдің жұмысқа шығар мезгілін күттім. Іштегі қыздардың мәйті туралы есік қараушымен сөйлесіп көрдім… “қаншама өлік жатыр оны қайдан білейін” деп кері кетіп қалды. Ақыры бас маман келген соң сонымен сойлестім.
– Тусқаны ем… жоғалып кетіп еді… таба алмай жүр едік…– деп біраз жағдайды айтып ем қайырлмады. Жақын туыстығыңлы толық дәлелдейтін құжат керек дейді. Соңыра “басымды ауырта берме” дегенге келды… қанша жалынып жалпайғаныммен көнбеді… басқалай еш амалым болмаған соң сол күні түнде ұрдалып кіріп Аймның мәйтін алып шықтым… ал Нұрымның мәйтінің үстінде шұбалған қалың қара түтін маңайына жуытар емес. “Мені мүнда қалдыра көрмеші ағатай” деп Нұрым шырқырап жатыр… айнала ебелектеп жанымда Айым жүр. Сүйекті ала сала кемпірдің үйіне тарттым. Кемір асыға күтіп тұр екен. Көліктен сүйекті жерге түсіре баргенде айналам отқа оранды да кетты. Қорыққаным сонша көлікке қайта тығылыппын.
– Қорықпа балам сены бұл от күйдіре алмайды… – деген кемпірдің сөзіне әзер сеніп есікті аштым… шыныменде күймейді екенмін. Екі жақтап жүріп сүйекті үйге жеткіздік. Кемпір қабырғаға ілінулі тұрған тұмардың біреуін әкеліп мәйттің мойнына таққан заман анадайда бар іс қимылымызды бағып тұрған Айымның сұлбасы сағымға айналып қалықтап келіп тәнге орнады. Қатты-қатты түшкіріп Айымның мәйті орнынан тұрып келе жатты. Жоқ Айымның өзі тұрып келе жатты.
– Балам енді сенің бар міндетік атқарылды… қуайын деп отырғаным жоқ… бұл адами затқа мекен болмайтын жай… енді қайтудың амалын жасайық… –деді, –артыңнан жоқтайтын жоқтаушың бар ма еді… әркім сені әр жоқтағанын да есік бір елідей ғана ашылып отырады… ендігі тағдырыңды артыңдағы жоқтаушың шешеді…– деді. –Менің қызымның жанын алып қалдың… қаласаң ертіп кет… ол енді жай адамға айналды… бірақ адами затқа тан көптеген қасиеттеріңнен шектелесің… әманда Айым секілді Нұрымныңда жолы болса ғой… –деп жылаған әжесін.
– Әжетай! Сені қалай тастап кетеміз… Айым аяғын құшып жылап жатты. Мен екі ойлы бола бастадым… сан толғанып Айымды бірге алып кетуді шештім. Еш нарсенің байыбына бармаған екенмін үйден шығып қақпаға барсақ күндегі ескі ағаш есік мызғымас бітеу қара тасқа айналып қалыпты…
Мені сенен өзге жоқтар ешкім жоқ қой. Сен мені әр рет жоқтаған сайын бір елідей ашылатын тас есікті күтіп біраз уақыт айналып қалдым досым… кзір мен кетемін… сәл күтсең Нұрым-қызды көресің… бар ескертерім… менің өтірік айтпағаныма көзіңді жеткіөзде еш қайда айланбай қайт… менен саған қайыр жоқ… менің жоқтауым жүрмейді… көп нәрселерден шектелгенмін…
***
Алдыңғы жақтағы менен алып кеткен өз көлігінде отырған қыздың басында осындай тағдыр бар дегенге еш сенгім келмеді. Мен айтарымды айтып болдым сенсең өз еркің сенбесең өз еркің деген кісіше қоштаспай-ақ көлігін оталдырды да көшені құлдап жайлап кетіп бара жатты.
Мен бір тал шылымды тұтатып шегіп болдым да көлігімді от алдырып енді қозғала бергенімде жол жағасында тұрған қызды көрдім. Тура манағы досымның жанындағы қыздан аумайды. Тек үсті басы сауыс болып қатып қалған қара-қошқыл қан.
Жанына келіп көлікті тоқтаттым. Қыз артқы орындыққа отыра бергенде барып осы мені жоқтайтын адам барма еді деп ойланды. Қыздың баратын жеріне жеткенге дейін ойыма ешкім түспеді…
Шынымен мені жоқтайтындар барма еді.

Comments
  1. Нури says:

    Сіздің шығармаларыңызды бір бастап оқығансоң аяғына дейін бітпегенше орнымнан туралмаймын, керемет сөз жоқ! Бірақ аяқ жағы өкінішті біткені жаман екен!

  2. Мөлдір says:

    мдааа….

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s