Пәтер – Сені бастық шақырып жатыр! – дегенді естіп, жүрегім дір ете түсті. Осы мекемеде аттай он алты жыл жұмыс істедім. Қанша бастық келіп, каншасы кеткені есімде жоқ. Солардың біреуі де мені шақырып көрмеген еді. Екі тізем қалтырып, жаңа келген бастықтың алдында тұрмын.
Archive for the ‘Экспримент’ Category
МӘҢГІЛІК САУҒА Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін… – Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың. Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз балам бар болатын. Одан басқа балам жоқ-тұғын. Сен қатты жыладың. Маған қатты кектендің. [...]
АЛАС Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз.
Қол жаулық Айдың суық сәулесі. Аспаннан ба әлде қайдан құлдилап құлап келем. Қорқыныштан шыңғыра шыңғыра дауысым бітіп қалған. Құлақ түбімнен суылдаған күшті желдің екпінді үні. Әні-міні жерге жетіп күл паршам шығар деп ойлағанда сұбықаным ұшады. Сол қолымда бір зат бар екен. Енді бажайлап қарадым… буалдыр сәуледен әзер көрінеді… кәдімгі қол орамал. Жоқ қол орамалдың жартысы. [...]
Мәйітхана – Ананы қараңдар!.. Басы жоқ қыз кетіп барады… – Аппақ көйлегін қан жауып кетіпті. Осыны естіген елдің барлығы көшенің арғы бетіне жалт қарасты. Менде қарадым. Қолқа-тамырынан қан атқақтап кетіп бара жатыр.
БИ – Балам қайда барасың? – Тойға. – Не қылған той? – Қайтесіз. – Қайда?.. – Осы ауылда.
МҮРДЕ Ауыл сыртындағы қабірге қарай шұбап келе жатқан топқа таяй бере ол өз көзіне өзі сенбей қалды. Жан-жағынан қаумалай көтеріп келе жатқан табытта кәдімгі тірі – адам, тірі қыз жан-дәрмен үстіндегі ақіретті шеше алмай аласұрып келеді. Табыт алып келе жатқандар мұны көрмеген іспетті. Барлығының қабағына қайғы орнап ауыр басып келеді.
ДОДА ДОДА Атағы аспанға ұшқан халықаралық өнер байқауы болмаса да, ол үшін осы қала аралық өнер байқауына қатысудың өзі үлкен мәртебе еді. Қыл қаламды қай уақыттан бастап қолына алғанын өзі ұмытып қалған.
ЖАЗА“ Сендердің жолдарың ашық, жұптарың жазылмайды, ел алқауында боласыңдар… Бірақ түбі екеуің бір әлемнің екі бетіне жол аласыңдар…”
Жалғыздық Елсіз иен жапанда жалғыз өзім қалыппын. Жападан жалғыз. Бәлкім олай еместе шығар. Жан жағыма байыздап қарағым келді. Жоқ қарай алмадым, көзім тарс жұмулы екен. Қанша тырбансамда жанарымды ашуға шамам жетер емес. Сосын ойма кімді іздеймін деген сауал келді. Шынымен мен кімді іздеймін. Кімді іздеуім керек. Ата-анамды шығар… несіне олардың да өз әке шешелері бар [...]