Қаладан кеше келгем. Осы ауылда анау алыстағы қалада оқып жатқан жалғыз менмін. Туыс-туған, көрші-қолаңның барлығы менен сарқыт дәметеді… Шамамша қалтамдағы қалған соңғы жармағыма дейін қаланың неше түрлі тәтті-дәруменін ала келетін әдетім… Биыл ерте қайтам деп хат жазып жібергем… Қайтатын қаржыны Есен ағам салып жіберіпті. Тіпті бұрынғылардан молырақ. Сосын Есен ағамның үйіндегі жеңгеме арнайы таңдап жүріп қос етекті әдемі көйлек сатып алғанмын. Сонымды алып үйлеріне келдім. Мен келгенде Есен ағам үйде жоқ екен, жеңгем әлі жасқа тола қоймаған баласын емізіп отыр екен. Алтын адам… Қай уақытта келсеңде жарқылдап отырады. Мені Тентекқара дейтін… Амандық сұрасып болған соң сәлемдемемді жеңгеме ұстаттым. Сыртта ойнап жүрген балаларды шақырып мен әкелген тәттіні үлестірген жеңгем көйлекті көріп балаша мәз болды… Read the rest of this entry »

Advertisements

– Жібер мені! Жібер!.. Ол өзінің ащы даусынан шошып оянып кетті. Түннің қай уағы екенін аңғара алмады. Жап-жарық күміс айнадай жарқыраған аппақ айдың ақшулан сәулесі машинаның алдыңғы терезесінен тура бетіне түсіп тұр екен. Манағы төпелеген қатты жаңбырдың басылғанына қуанды. Кеше ғана орақтай болып жұқарып кеткен ай қалайша бүгін толып кеткен деп ойлады да қойды.
Read the rest of this entry »

This slideshow requires JavaScript.

Ескексіз қайық
Зәрям екеуміз теңіз портына түс ауа жеттік. Ас ішіп ауқаттанып алған соң, қолтықтаса портты жағалап келеміз. Шет шегі жоқ байтақ даланы алып жатқан судың арғы шеті көрінбейді. Бірін бірі қуған ессіз толқындар көз жетпейтін жерден келіп кері кетіп жатыр. Мен шеткері тұрған шағын кемені көріп, соны жалдап алатынмды айттым.
Read the rest of this entry »

This slideshow requires JavaScript.

Пәтер
– Сені бастық шақырып жатыр! – дегенді естіп, жүрегім дір ете түсті. Осы мекемеде аттай он алты жыл жұмыс істедім. Қанша бастық келіп, каншасы кеткені есімде жоқ. Солардың біреуі де мені шақырып көрмеген еді.
Екі тізем қалтырып, жаңа келген бастықтың алдында тұрмын.
Read the rest of this entry »

This slideshow requires JavaScript.

ТҰМАР
Түн ортасы. Қатты ұйықтап жатқан жігітті сырттағы шуыл оятып жіберді. Жастықтан басын көтерген ол сырттағы дыбысқа құлағын тосты.
– Әпке, ол менікі таласпа!
– Жоқ, сен әлі кішкентайсың, менікі ол…
Read the rest of this entry »

This slideshow requires JavaScript.

ОҚ

Бақидың қақпасына ертіп барар біреу келер деп тар жанақымда күтіп жатқалы қашан. Айлар өтті. Жыл өтті. Шынымен жалғыз Жаратушыға да керегі болмағаны ма? Өзінің жаназасын шығарып болып “Қандай адам еді?” деген мәзімге жыйылған жұрттың бәрі: “Жақсы адам…” деп жауап қайтарды. Read the rest of this entry »

This slideshow requires JavaScript.

МӘҢГІЛІК САУҒА
Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін…
– Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың.
Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз балам бар болатын. Одан басқа балам жоқ-тұғын. Сен қатты жыладың. Маған қатты кектендің.
оншалықты ұзақ үнсіздіктен кейін:
– Соңғы айтарың осы ма? — дедім.
– Жарайды, онда мен ұйқыдан оянам, – дедің де, сүйрік саусақтарыңмен бетімнен жанып жібердің.
Мен шошып ояндым. Қайдан екенін кім білсін, құшағымда бір кесек мұз жайлап еріп бара жатты. Мұз еріп бітті. Менің мойнымда сен сыйлаған тұмар.
Сен шошып ояндың. Қайдан екенін кім білсін, құшағыңда батпан қара тас еңсеңді езіп, басып бара жатты. Сен мойныңдағы мен сыйлаған тұмарды көре алған жоқсың.