АЙНА

Posted: Қаңтар 29, 2011 in Мистикалық шығармалар

This slideshow requires JavaScript.

АЙНА

Кешкісін көл бойына барып бой сергітуді әдетке айналдырғанмын. Көлдің терең түбінен дірілдеп ай көрінентін. Көл түбіндегі айдың бетінен әппақ аруды көремін. Жағалаудағы кішкентай төбешікке қарап отырып айға мұң шағатынмын.
“Сен айнаға, мен көлге қараймын. Жаныңа барар едім амалым жоқ жете алмаймын. Маған қарағанда құдіретті шығарсың келсеңші менің қасыма.” Ай үндемейді. Сосын қайта сыр шертетінмін. “Жәрайды, аспанның еркесі, мынау алдамшы жерге қызықпассың, мұнда келмейсың ғой әрине, мені өзіңе алып кетсеңші….”. осы сөзді қанша қайталадым кім білсін бір уақытта көлдің мен отырған жақ шетіне бірдеңа шоп етіп түсті. Еінді ай екеу болып көрінді. Мен орнымнан атып тұрдымда. Жаңағы түскен нәрсеге келдім. Кәдімгі дөп-дөңгелек айна. Қоыма алып едім. Сық-сық күлген қыз даусын естідім. Айнаны қалмама жүгірте салдымда үйге қарай безіп бердім. Үйге келдім де, көрпенің ішіне кіріп алып қол шырағымды жақтымда айнаға қарадым. Айнада әппақ қыз мойныма асылып тұр. Селік ете түстім. Жанымда ешкім жоқ. Таңға кірпік ілмедім. Айнадығы мойныма асылып тұрған арудың келбетіне көз тойдыра алар емеспін. Тәңертең шайымды асығыс іштімде айнаны ішкі төс қалтама салдымда сыртқа шықтым. Есіктің алдында сақал-мұрты қудай бір шал тұр. Мен сәлем беріп болғанша.
“Сайтанның сапалағы, әкел ана айнаны. Сенің тегің топырақ, оның тегі от, әуре болма өртеніп кетесің” деп келдіде менің қойныма қолын жүгіртіп ішкі қалтамнан айнаны алды да жерге аяғымен таптап жатты. Таласуға тіпті бір ауыз сөз айтуға шамам жетер емес жансызданып бара жатқан сықылдымын. Құлағымда ышқына шыңғырған қыз даусы.
“Кеште терезеңді мықтап бекіт! Көл жаққа барушы болма… кет бұл жерден қайтып оралушы болма алысқа кет.. қанша алыстасаң сонша жақсы…” шылдың одан ары не айтқаны есімде жоқ. Талықсып барып ұйықтап кетіппін. Оянғанымда қайта кеш батқан екен. Бөлменің іші тас қараңғы. Шырақ жақпақ болдым. Бірақ түймесін таба алмадым.
Терезенің перседін ұстадым. Шалдың тәңертеңгі сөзі құлағыма келді. Қолымды пердеден тарта бере терезенің ар жағынан қыздың қыстыға өксіп-өкісіп жылағанын естідім. Жылағанын қояр деп күттім. Қыздың өкісігі онан арман күшейе түсті. Жан-дүниемді езіп барады. Ақыры пердены қайрып тастадым. Терезеден түскен ай сәулесінің ішінде айнадағы қыздың бұлдыр елесі. Маған жалына бастады:
“Жаным, мені қинамашы, мен мұнда қала алмаймын. Сен өзің шақырған ең ғой бірге кетеміз… тым болмағанда мені көлге жеткізіп салшы сосын өзім-ақ кетем….” мен шалдың айтқандары туралы ойландым. Дегенмен қыздың нұрлы жүзі мені өзіне әбден баурап алған еді. Жылатқым келген жоқ. Дегенмен өз-өзіме кесеттім, тек көлді көрсетем, ары бармаймын.
Қыздың буалдыр елесін ертіп келге қарай келе жатымын. Көл көріне:
– Көл әне мен ары бара алмаймын, – дедім.
– Тым құрғанда менімен бірге кетпесеңде менің елес бейнемді емес, нақ болмысымды көргің келмей ме? Деп сұрады ол.
Мен қайта ойландым. Айнадағы кескінге деген ғашықтығым ақыры. өзіме берген уағдамнан тайдырды. Қыбен бірге көлге келдім.
Қыз елесі жаймен сырғып бардыда сууға шоп етіп батып кетті. Судың ішінде ай дидарды әппақ көйлекті ару.
– Кел бері, маған деген ғашықтық сезімің рас болса менің ернімнен бір сүйші.
Мен суға көміп кеттім.
Есімді жиғанымда үстімізде лыпамыз жоқ ол екеуіміз айда отырмыз.
Жердегі айнаға қарадым. Айнаның бетінде қыздың әппақ көлегі мен менің құр денем қалқып жүр.

Advertisements
Пікірлер
  1. Нури айтады:

    қорқынышты екен бірақ әдемі!!!

  2. Ай-керім Есенаманова айтады:

    керемет, жан тебіренерлік!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s