БИ

Posted: Қаңтар 29, 2011 in Экспримент

This slideshow requires JavaScript.

БИ
– Балам қайда барасың?
– Тойға.
– Не қылған той?
– Қайтесіз.
– Қайда?..
– Осы ауылда.
– Айналайын-ау, осы ауылда он жеті үй бар. Ал, соның ішінде той жасайтын сен ғана қалдың.
– Қойшы апа…
Жігіт барды жоғын киінді де үйден шыға жөнелді. Алыстап кеткен ұлының артынан ұзақ қараған кейуана көршісінің енді бойжетіп келе жатқан қызын шақырып:
– Қызым, анау тойға барам деп кетіп барады. Артынан баршы, қайда барады екен… Өзім-ақ барар едім құрғыр аяқ…
– Жарайды апа, – деді де тоқпақтай бұрымымен тірсегін сабалатып жігіттің соңынан кетті.
Ауылдың аяқ жағындағы шоқ талдың арасына кіріп кеткен жігіттің соңынан баспалап ол да жетті.
Ол өз көзіне өзі сенбей сәл кем тұрып қалды. Хор қыздары ма, әлде шайтан, кім білсін әйтеуір екі көзін шарт жұмып ортада отырған жігітті шырқ көбелек айналып билеп жүр. Көлбіреген көйлектері жерге сәл кем жетпей тұр. Бірақ жер басып тұрған аяқтары жоқ, өңшең ай маңдайлар.
Тұла бойы дір ете түскен қыз шыңғырып жібере жаздап өзін тоқтатып алды. Сосын өз-өзіне келді де топқа таяй берді.
– Есет аға! – ақырын шыққан қыздың даусын жігіт те, жігіт жанындағы қыздар да естімеді.
– Есет аға! – қыз бар даусымен шыңғырып жіберді. Сонда барып дауысқа елеңдеген жігіт жан-жағына қарай беріп еді. Қаумалаған қалың қыздың көйлектері шұбатылып жігіттің бар маңын тұман басып кетті. Жігіт қалың қыздың ортасына көміліп бара жатты.
– Есет аға! – қыз жігітті алып қалмаққа ұмтылды. Тұңғыш рет осы көрші жігітке өзінің өлердей ғашық екенін сезді. Шынымен осы ауылда осы жігіттен басқа үйленетін жігіт те жоқ еді.
– Есет аға! – қыз қалың топтың ортасына қойды да кетті. Жігітті бас салды. Жігіт ессіз.
– Есе-ет, ағ-ға! – қыздың дауысының ащылығы сондай, маңайындағы талдардың жапырықтары саулап жерге төгілді. Тек шеткі бала қайыңның ұшар басында ілініп екі жапырақ қалды.
Қыздың дауысының ащылығы сондай, шыңғырған дауысын ауылдың он жеті үйі тегіс естіді. Естіді де бұларға қарай жүгірді.
Қыз дауысының ащылығынан болар ауылдың бар адамы енді жеткенде бұларды үйіріле соққан бір құйын жерден жайлап көтеріп бара жатты.
Ұлар-шу болған ел сілтідей тынды.
Сілтідей тынған тыныштықты:
– Апа, қарашы, Есет аға мен Ләйла тәтенің аяқтары жоқ… – деген баланың даусы бұзды.

Advertisements
Пікірлер

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s