НҮКТЕ

Posted: Қаңтар 29, 2011 in Мистикалық шығармалар

This slideshow requires JavaScript.

НҮКТЕ
Адамзаттың ең атақты көріпкел жазушысы әл үстінде жатыр. Тура тоқсанның тоғызына келген қарт мылқау еді. Ажал құрығы мойнына мықтап ілініп кетіп бара жатқан кезде ғана басын сүйеп аузына сусын тамызып отырғандарға “менің төсегімнің астындағы қобдиды алып беріңдерші” деді тоқсан тоғыз жыл мылқау болып жүрген шалдың сөйлей алатынына отырғандардың ешқайсысы таң қалмады. Құлып орнына бітеу шығырық салынған кішкентай қобдиды аштырған шал, ішінен әбден көнеріп сарғайып кеткен қол жазбалары мен түбінде жарқырап жатқан қауырсын қаламсапты алдырды. Қарттың халіне бүткіл адамзат құлақ түріп отырған-ды. Қарт бітеу шығырықпен құлыптанған қобдиды ашты дегенді естігенде барлық адам баласын үрей басты. Жер әлем теңселіп, барлығы жерді құшып орнынан тұра алмай жатты.
Сарғайып кеткен қолжазбаның ең бетіндегі беттерін қолына ұстаған қарт “Бұл менің тағдырым, бұл барлықтарыңның тағдырларың міне осы. Мен бұны сексен жылдың алдында жазғам”. Оқылмай қалмасын, ең соңғы рет болса да оқылсын. Ал мынау қалғандарын сосын оқисыңдар.
“… Әлде қайдан тапқанын кім білсін екі бала ойнап жүріп кішкене ғана бір құты тауып алды. Айналдыра қарап отырып біреуі – мен білсем тап осы Сүлейменнің сиқырлы құмырасы деді. Әй қайдам, ықылым замандағы Сүлейменнің құмырысы мұнда қайдан болсын. Ақыры екеуі айтыса-айтыса Сүлейменнің сиқырлы құмырасы деп шешті. Сиқырлы құмырадағы суды ішкен адам он сегіз мың ғаламның тілін біледі екен десті олар. Қалтасынан кішкентай бәкісін шығарған біреуі шұқылап отырып құмыраның қақпағын ашты. – Міне қызық құмырының ішінде екі ақ тамшы су қалыпты. Кәне бөліп ішелік десті. Ақыры бөліп ішті”. Судың не құдіретін кім білсін, екеуінің тура көз алдынан жылдар түгілі ғасырлар зуылдап өтіп жатты. Ақыры жер бетінде тіршілік атаулыдан тек екеуі қалды. Қанша замандар өтті. Енді екеуі бір-бірінен жери бастады. Екеуі бір-бірінен қашып екі жаққа кетті. Бірақ қалай кетсе де бір-бірімен қарама қарсы кездесіп отырды. Енді екеуі бір-біріне жауықты. Бір-бірін өлтірмек болды. Бірақ жер бетінде олардың бір-бірін өлтіретіндей еш бір зат іздеп таба алмады. Сосын екеуі бір-бірінің алқымдарынан ала кетті тұншығып барады. Тұншықтырып барады. Енді екеуінің де аузы-мұрындарынан қан атқалақтап кетті. Тиылар емес. Қан бүткіл жер бетін жауып қалғанша ақты. Жер бетін қан жауып болғанда ана екеуі де ақыры өліп тынды. Енді тіпті ғаламдық уақыт өтіп жатты. Бүткіл ғалам еш тіршіліксіз қыл аяғы үп еткен жел жоқ еді. Тек жер бетін қып қызыл қызғалдақ жауып қаулап тұрды. Уақыт өте қызғалдақтар гүлді бастары жерге тартып солып бара жатты…” Тура осыны жазып болған күні кеште бөлмеме екі сұлба келді. Бірақ мен оларды көре алғам жоқ. Тек дауыстарын естідім. “Ау, ақымақ пенде, сен ақырзаманды өзің тілеп алдың, ендігі жалғыз жол жаназаңнан бұрын осыдан құтқарылатын шығарма жаз. Сонда ғана адамдарды азаптан құтқарасың. Ал, олай істемегенде адамзаттың бақи дүниеге яки мәңгілік өміріне баратын қақпа жабылады. Сенің тек жеті күндік қана уақытың бар. Шығармаңның тек соңғы нүктесін мына қаламмен – тағдыр қаламымен қоясың” деді де ғайып болды. Жанталасып қайта өз қаламыма жармастым.
“Уақыт өте гүлді бастары жерге тартып солып бара жатқан қызғалдақтардың арасына ғайыптан бір қара қарға ұясын алып ұшып келді. Талығып жеткен қарға қонарға еш бұта таба алмай, сенделіп ары ұшты, бері ұшты ақыры жерге ұясымен қоса құлап түсті. Құлаған ұяның ішінен бір шымшым топырақ жерге шашырап кетті. Топырақ жерге тиісімен бастары салбырып солып бара жатқан қызғалдақтар қайтадан қаулай жөнелді. Тура қарғаның тұмсығы тиген жердегі бір тал қызғалдақ басқасынан өзгеше екі ашаланып биіктей берді, биіктей берді… ақыры аспанға тірелген бәйтерекке айналды. Аспанды онан ары биіктетіп жіберді. Тағы қанша уақыттар өтті. Бәйтеректің екі ашасынан тамырланып екі зат өсіп келе жатты. Ай-күні жетіп бәйтеректен бір әйел, бір еркек пайда болды”. Осыны жазып болып тағдыр – қаламымен нүктені қойғалы жатқанымда сол жақ құлағыма біреу сыбырлады. “Ей, ақымақ адам баласы, сен сонша ақымақ па ең, Адам-Атаң мен Хау-Анаңның әзер жеткізген жерінен қалай біржола кеткелі жатырсың” деді. Мен жазғанымды жыртып тастап қайта бастадым. Екі сұлба әр жеті күн сайын келіп тұрды. Тағдыр нүктесі қойылмаған шығарманы ала алмады. Енді міне менің бақиға кетер уақытым толды. Мен сендерді мына нәпсінің дүниесінде мәңгі қалуларыңды қаламаймын.
Қарт тағдыр қаламын қолына алды.

Advertisements
Пікірлер
  1. Нури айтады:

    сонда не жазыпты ???????????????????????????????

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s