Archive for Ақпан 3, 2011

This slideshow requires JavaScript.

ТҰМАР
Түн ортасы. Қатты ұйықтап жатқан жігітті сырттағы шуыл оятып жіберді. Жастықтан басын көтерген ол сырттағы дыбысқа құлағын тосты.
– Әпке, ол менікі таласпа!
– Жоқ, сен әлі кішкентайсың, менікі ол…
(толығырақ…)

Advertisements

This slideshow requires JavaScript.

ОҚ

Бақидың қақпасына ертіп барар біреу келер деп тар жанақымда күтіп жатқалы қашан. Айлар өтті. Жыл өтті. Шынымен жалғыз Жаратушыға да керегі болмағаны ма? Өзінің жаназасын шығарып болып “Қандай адам еді?” деген мәзімге жыйылған жұрттың бәрі: “Жақсы адам…” деп жауап қайтарды. (толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

МӘҢГІЛІК САУҒА
Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін…
– Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың.
Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз балам бар болатын. Одан басқа балам жоқ-тұғын. Сен қатты жыладың. Маған қатты кектендің.
оншалықты ұзақ үнсіздіктен кейін:
– Соңғы айтарың осы ма? — дедім.
– Жарайды, онда мен ұйқыдан оянам, – дедің де, сүйрік саусақтарыңмен бетімнен жанып жібердің.
Мен шошып ояндым. Қайдан екенін кім білсін, құшағымда бір кесек мұз жайлап еріп бара жатты. Мұз еріп бітті. Менің мойнымда сен сыйлаған тұмар.
Сен шошып ояндың. Қайдан екенін кім білсін, құшағыңда батпан қара тас еңсеңді езіп, басып бара жатты. Сен мойныңдағы мен сыйлаған тұмарды көре алған жоқсың.

This slideshow requires JavaScript.

ЖОЛАЙРЫҚ
Әкесінен қалған шошақ ер-тоқымды атқа асығыс салған жігіт шылбырын жиғанға үлгірмей көрші ауылға шаба жөнелді. Дәрігер алып келмек. Келіншегі қансырып хал үстінде жатыр. Арлы-берлі алып жүргенге шашырап кеткен сүйектер ыңғай берер емес. Өзенді бойлап барып айналып жететін жаттық жолды тастап, тіке төбе басындағы зираттан өтетін сүрдекпен тартты. Қамшы үстіне қамшы басып шапқылап келеді. Зираттың ортасына жеткенде барып аттың тізгінін тартқысы келді. Бірақ тартпады. Тек “Дәрігер, үйінде болса” деп тіледі. (толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

АЛАС
Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз. (толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.


АЛА ЖІП
Олар егіз болатын. Бір кіндікті болып туылды. Кішкентай кездерінен бірі жыласа, екіншісі қоса жылайтын-ды. Бірі күлсе, екіншісі бірге шаттанатын. Екеуі бір университетке түсті, бір топта оқитын да, бір бөлмеде жататын.
Көзіне ұйқы тығылып күнделікті сабаққа дайындалып отырған біреуіне сырттан кірген сыңары:
(толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

ҚАШҚЫН

– Сол аяғыңды берсең ат басындай алтын берем. – деп сол жақ аяғынан бір құбыжық бас салғанда өзінің айқайынан шошып оянып кетті. Сол аяғы өз еркінен тыс тепкіленіп жатыр екен, әзер дегенде тоқтатты.
Орнынан тұрып жүрейін десе сол аяғы кері қашады. Қорқа бастады. (толығырақ…)