“Алас” Қойшыбек МҮБАРАК

Posted: Ақпан 3, 2011 in Экспримент

This slideshow requires JavaScript.

АЛАС
Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз. Осы жолғы кезек біздің анау жылқышымызда. Кәне жеті атасын санаңдар. Сол жеті атадан асқандардың ішінен бір қызды өзі талдасын. Кел балам бері. Сенің бақытыңды тілейік. Ақбас шалдың даусы күллі әлемді жаңғыртып шықты. Қалың жұрттың қақ ортасындағы отырған жирен мұртты жігіт ортаға келді де:
– Ау, ата көлдей көңіліңізге рехмет. Тәңір жарылқасын, сізге ұзақ ғұмыр сыйласын. Бұл менің кезегім емес. Өйткені мен күннің ұлымын. Сондақтан айдың қызына үйленуім керек…
– Тәйт ары! Не тантып тұрсың, есің дұрыс па сенің…
– Ау, айналайын жұртым, айта қойыңдаршы кәне қайсыларың менің ата-анамсыңдар.
Жұрт шуылдасып кетті. Барлығы жеті атасына дейін түгендеп шықты. Тіпті алыс туысқаны да шықпады. Кенет жұрт сілтідей тына қалды. Ақбас шал жұртқа жаңа заң шығарар кезінде көтеретін асатаяғын оң қолымен басынан жоғары ұстап тұр.
Халайық бүгіннен бастап тегі белгісіз жылқышы ауылдан аластатылады. Сонымен бірге кімде-кімнің ұлы үйленбейтін болса әкесін, ал қызы үйленбейтін болса шешесін мәңгілік зынданға саламыз. Жұрт теңселіп кетті. Дегенмен барлығы балаларына сенімді еді. Тек осы ауылдағы ең сымбатты қыздың жер бауырлап жүретін кемтар әкесі мен шешесі жатқан жерлерінен топыраққа көміліп бара жатты.

Advertisements
Пікірлер
  1. Нури айтады:

    ең соңғы жағын түсінбедім ((((

  2. Gulian айтады:

    менде түсінбедім, кім түсіндіреді?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s