“Тұмар” Қойшыбек МҮБАРАК

Posted: Ақпан 3, 2011 in Мистикалық шығармалар

This slideshow requires JavaScript.

ТҰМАР
Түн ортасы. Қатты ұйықтап жатқан жігітті сырттағы шуыл оятып жіберді. Жастықтан басын көтерген ол сырттағы дыбысқа құлағын тосты.
– Әпке, ол менікі таласпа!
– Жоқ, сен әлі кішкентайсың, менікі ол…
– Қайдағы кішкентай, мен де бойжеткен қызбын ғой.
– Жоқ, кішкентайсың…
– Білесің бе, мен тура осы жасымда үйленген едім ғой…
– Ол менікі, менің тұмарымды тағып алыпты…
– Сырты ғана сенікі, ішінде менің атым жазылған…
– Біреу алмастырып тастапты. Сенбесең жүр, асты-на көзмоншақ қадағам…
Есік еш дыбыссыз, жаймен ашылды да, ішке аппақ киінген екі қыз кірді.
Олар жігітті көрмеген іспетті. Тіпті елеген де жоқ. Жігіттің жанына келді де кеудесіне үңілді.
– Көрдің бе, енді таласың жоқ шығар?
– Өлтірем сені.
Шамасы үлкені болар, қолына қайдан тапқанын кім білсін, бір түп тікенек алып тұра қуды. Қаншалықты тапырақтағанымен еш дыбыссыз далаға шығып кетті.

Жігіт түс көріп жатқан шығармын деп ойлады. Төсектің басқы жақтауын ұстап көрді. Сосын басбармағын барынша қатты тістеп көрді. Ауырғаны сонша, шыңғырып жеберді. Енді түсі емес, өңі екеніне еш шүбәсі қалмады. Тұла бойын қорқыныш билеп, орнынан атып тұрды да шырақты жақты.
Мойнындағы тұмарды жұлып алып астына қарады. Көзмоншақ тұр. Ішін ашты. Шым-шытырық көне жазу. Кенет жігіт өзі өмірі көрмеген жазуды зулатып оқи жөнелді. “Жаратқан саған жар болар! Сенің нұрлы бейнең нұрланар! Тау атаңа тағзым ет! Көл анаңа тағзым ет! Жаның да сенің жамандық болмайды! Ардақтының ардақтысы, сұлудың сұлуы Айбар бегім…”.
Жігіт мең-зең халде тұмарды мойнына қайта тақты. Қайта жұлып алды. Таң атқанша осы әрекетін қайталай берді.
Сызылып таң да атты. Айбар бегім де қайтып келмеді. Тұмардың тылсымын білмекке, өзіне осы тұмарды сатқан сыған әйелді іздеді. Қаланың шет жағында тұратын құжыралардың арасынан тез-ақ тапты.
Алдына картасын жайып бал ашып отырған әйел жігітті көрді де, бірден таныды.
– Балам отыр, не, қыздар мазалап жүр ме? Қорықпа, ол әншейін… Мен қазір келем.
Әйел көп күттірмеді. Ауладағы итті арсылдатып жүріп, кішкентай қалтаға салынған бір нәрсе алып келді.
– Мынаны білегіңе тағып ал.
– Бұл не?
– Иттің үйшігінде жеті жыл жатқан сүйек. Олар сені енді мазалай алмайды.
– Керегі не, осы тұмарды лақтыра салсам қайтеді?
– Балам, бұл бақыт тұмары, киелі зат, киесі атады.
Жігіт кері қайтты. Кешкісін жатарда білегіндегі қалтаны сипап қойды.
Тағы сол шуыл. Жігіт шошып оянды.
– Ол сенікі.
– Жоқ, сенің тұмарың, ол сенікі.
– Сырты ғана менікі, ішінде сенің атың бар, ол сенікі…
Жігіт ойланды. Кешегі өзіне таласып жатқан қыздар бүгін неге жеріді. Ақыры бір байламға келіп сыртқа шықты да, есік алдында тұрған қыздарға барды.
– Әрі кет! Жуыма маған…
– Неге, кеше маған таласып едіңдер ғой.
– Ол кезде сен таза едің, ал бүгін арамдандың.
– …
Жігіт білегіндегі қалтаны жұлып алып лақтырып тастады.

Advertisements
Пікірлер
  1. Нури айтады:

    Бекер тастады, енді өздерімен алып кететін шығар !

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s