Archive for the ‘Мистикалық шығармалар’ Category

Қаладан кеше келгем. Осы ауылда анау алыстағы қалада оқып жатқан жалғыз менмін. Туыс-туған, көрші-қолаңның барлығы менен сарқыт дәметеді… Шамамша қалтамдағы қалған соңғы жармағыма дейін қаланың неше түрлі тәтті-дәруменін ала келетін әдетім… Биыл ерте қайтам деп хат жазып жібергем… Қайтатын қаржыны Есен ағам салып жіберіпті. Тіпті бұрынғылардан молырақ. Сосын Есен ағамның үйіндегі жеңгеме арнайы таңдап жүріп қос етекті әдемі көйлек сатып алғанмын. Сонымды алып үйлеріне келдім. Мен келгенде Есен ағам үйде жоқ екен, жеңгем әлі жасқа тола қоймаған баласын емізіп отыр екен. Алтын адам… Қай уақытта келсеңде жарқылдап отырады. Мені Тентекқара дейтін… Амандық сұрасып болған соң сәлемдемемді жеңгеме ұстаттым. Сыртта ойнап жүрген балаларды шақырып мен әкелген тәттіні үлестірген жеңгем көйлекті көріп балаша мәз болды… (толығырақ…)

Advertisements

– Жібер мені! Жібер!.. Ол өзінің ащы даусынан шошып оянып кетті. Түннің қай уағы екенін аңғара алмады. Жап-жарық күміс айнадай жарқыраған аппақ айдың ақшулан сәулесі машинаның алдыңғы терезесінен тура бетіне түсіп тұр екен. Манағы төпелеген қатты жаңбырдың басылғанына қуанды. Кеше ғана орақтай болып жұқарып кеткен ай қалайша бүгін толып кеткен деп ойлады да қойды.
(толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

Ескексіз қайық
Зәрям екеуміз теңіз портына түс ауа жеттік. Ас ішіп ауқаттанып алған соң, қолтықтаса портты жағалап келеміз. Шет шегі жоқ байтақ даланы алып жатқан судың арғы шеті көрінбейді. Бірін бірі қуған ессіз толқындар көз жетпейтін жерден келіп кері кетіп жатыр. Мен шеткері тұрған шағын кемені көріп, соны жалдап алатынмды айттым.
(толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

ТҰМАР
Түн ортасы. Қатты ұйықтап жатқан жігітті сырттағы шуыл оятып жіберді. Жастықтан басын көтерген ол сырттағы дыбысқа құлағын тосты.
– Әпке, ол менікі таласпа!
– Жоқ, сен әлі кішкентайсың, менікі ол…
(толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

ОҚ

Бақидың қақпасына ертіп барар біреу келер деп тар жанақымда күтіп жатқалы қашан. Айлар өтті. Жыл өтті. Шынымен жалғыз Жаратушыға да керегі болмағаны ма? Өзінің жаназасын шығарып болып “Қандай адам еді?” деген мәзімге жыйылған жұрттың бәрі: “Жақсы адам…” деп жауап қайтарды. (толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

ЖОЛАЙРЫҚ
Әкесінен қалған шошақ ер-тоқымды атқа асығыс салған жігіт шылбырын жиғанға үлгірмей көрші ауылға шаба жөнелді. Дәрігер алып келмек. Келіншегі қансырып хал үстінде жатыр. Арлы-берлі алып жүргенге шашырап кеткен сүйектер ыңғай берер емес. Өзенді бойлап барып айналып жететін жаттық жолды тастап, тіке төбе басындағы зираттан өтетін сүрдекпен тартты. Қамшы үстіне қамшы басып шапқылап келеді. Зираттың ортасына жеткенде барып аттың тізгінін тартқысы келді. Бірақ тартпады. Тек “Дәрігер, үйінде болса” деп тіледі. (толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.


АЛА ЖІП
Олар егіз болатын. Бір кіндікті болып туылды. Кішкентай кездерінен бірі жыласа, екіншісі қоса жылайтын-ды. Бірі күлсе, екіншісі бірге шаттанатын. Екеуі бір университетке түсті, бір топта оқитын да, бір бөлмеде жататын.
Көзіне ұйқы тығылып күнделікті сабаққа дайындалып отырған біреуіне сырттан кірген сыңары:
(толығырақ…)