Archive for the ‘Экспримент’ Category

This slideshow requires JavaScript.

Пәтер
– Сені бастық шақырып жатыр! – дегенді естіп, жүрегім дір ете түсті. Осы мекемеде аттай он алты жыл жұмыс істедім. Қанша бастық келіп, каншасы кеткені есімде жоқ. Солардың біреуі де мені шақырып көрмеген еді.
Екі тізем қалтырып, жаңа келген бастықтың алдында тұрмын.
(толығырақ…)

Advertisements

This slideshow requires JavaScript.

МӘҢГІЛІК САУҒА
Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін…
– Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың.
Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз балам бар болатын. Одан басқа балам жоқ-тұғын. Сен қатты жыладың. Маған қатты кектендің.
оншалықты ұзақ үнсіздіктен кейін:
– Соңғы айтарың осы ма? — дедім.
– Жарайды, онда мен ұйқыдан оянам, – дедің де, сүйрік саусақтарыңмен бетімнен жанып жібердің.
Мен шошып ояндым. Қайдан екенін кім білсін, құшағымда бір кесек мұз жайлап еріп бара жатты. Мұз еріп бітті. Менің мойнымда сен сыйлаған тұмар.
Сен шошып ояндың. Қайдан екенін кім білсін, құшағыңда батпан қара тас еңсеңді езіп, басып бара жатты. Сен мойныңдағы мен сыйлаған тұмарды көре алған жоқсың.

This slideshow requires JavaScript.

АЛАС
Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз. (толығырақ…)

Қол жаулық

Posted: Ақпан 2, 2011 in Экспримент

This slideshow requires JavaScript.

Қол жаулық
Айдың суық сәулесі. Аспаннан ба әлде қайдан құлдилап құлап келем. Қорқыныштан шыңғыра шыңғыра дауысым бітіп қалған. Құлақ түбімнен суылдаған күшті желдің екпінді үні. Әні-міні жерге жетіп күл паршам шығар деп ойлағанда сұбықаным ұшады. Сол қолымда бір зат бар екен. Енді бажайлап қарадым… буалдыр сәуледен әзер көрінеді… кәдімгі қол орамал. Жоқ қол орамалдың жартысы. Мен қайдамын деп ойландым. Дұрсы қайдан құладым? Мынау не қылған орамал? Төменге қарадым. Қарауытып түбі көрінер емес… құлағыма біредің үкілеген үні келді. Жан-жағыма жалтақтай бастадым. Менен сәл қиғаш төменде тағы біреу құлап барады екен.
(толығырақ…)

This slideshow requires JavaScript.

Мәйітхана
– Ананы қараңдар!.. Басы жоқ қыз кетіп барады…
– Аппақ көйлегін қан жауып кетіпті.
Осыны естіген елдің барлығы көшенің арғы бетіне жалт қарасты. Менде қарадым. Қолқа-тамырынан қан атқақтап кетіп бара жатыр.
(толығырақ…)

БИ

Posted: Қаңтар 29, 2011 in Экспримент

This slideshow requires JavaScript.

БИ
– Балам қайда барасың?
– Тойға.
– Не қылған той?
– Қайтесіз.
– Қайда?..
– Осы ауылда.
(толығырақ…)

МҮРДЕ

Posted: Қаңтар 29, 2011 in Экспримент

This slideshow requires JavaScript.


МҮРДЕ
Ауыл сыртындағы қабірге қарай шұбап келе жатқан топқа таяй бере ол өз көзіне өзі сенбей қалды.
Жан-жағынан қаумалай көтеріп келе жатқан табытта кәдімгі тірі – адам, тірі қыз жан-дәрмен үстіндегі ақіретті шеше алмай аласұрып келеді. Табыт алып келе жатқандар мұны көрмеген іспетті.
Барлығының қабағына қайғы орнап ауыр басып келеді. (толығырақ…)